• Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламасы

    31.10.2019 "Добавить комментарий

    Қазақстанда созылмалы ауруларды емдеуді жақсарту, аурудың асқынуын азайту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. АББ-ға артериялық гипертензия, созылмалы жүрек

    ... Толығырақ  
  • "Дені сау болу - бұл сəнді" атты кең көлемді акция

    08.04.2019 "Добавить комментарий

    2019 ж 7 сəуір күні  Қайырғали Смағұлов атындағы алаңда  Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Дені сау болу - бұл сəнді" атты кең көлемді акция өткізілді. Акцияға қатысушы мекемелерден келген қатысушылар гір тасын көтеруден, көпшілік жүгіріс, арқан тартысудан жарысты.

    Толығырақ



15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға  тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Атырау  қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
     1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді; 
     2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
     3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
     4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
     5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
     6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
     7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
     8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
     9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалықіс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 

Толығырақ