2017 жылдың 5 мамырында емханамызда «Адам өмірін құтқару: өз денсаулығыңызды сақтаңыздар» ұранымен Дүниежүзілік қол жуу күні аталып өтті.Емхана қызметкерлерінен құралған бір топ қызметкер аталмыш акцияға флеш-моб ұйымдастырды.

Мұндай күнді өткізу бастамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) тиесілі. БҰҰ-ның екі ұйымы қалыптасып кеткен қарапайым қол жуу үрдісі балаларды бірқатар инфекциялық аурулардан қорғап қана қоймай, көптеген өмірлерді сақтап қалатындығын айтудан жалықпай келеді. «ЮНИСЕФ-тің мәліметінше, жыл сайын диарея (іш өту) бір миллион жүз мың баланың өмірін қияды, ал пневмония (өкпенің іріңді қабынуы) бір миллион екі жүз өмірді жалмайды. Қолды сабындап жуу балалар диареясын екі есеге,  респираторлы аурулардың санын төрт есеге азайтар еді», - дейді ЮНИСЕФ-тің баспасөз хатшысы Маркси Меркадо. Мереке жыл сайын әлемнің 80 елінде атап өтіледі. 2010 жылы Бүкіләлемдік қол жуу күніне арналған іс-шараларға әлемнің 70-тен астам елінен 200 миллион адам және 700 мың мектеп қатысты. Аталмыш күнді ұйымдастырушылар қатысушылардың санын жыл сайын арттырып отыруға ниетті. 

  • 04.04.2024ж күні емхана қызметкерлеріне Төтенше жағдайлардың алу бойынша түсінік жұмыстары мен инструктаж өткізілді.

    05.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ  
  • Суға батқанда және тыныс алу тоқтағанда көрсетілетін алғашқы көмек

    29.03.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ



15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға  тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Атырау  қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
     1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді; 
     2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
     3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
     4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
     5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
     6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
     7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
     8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
     9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалықіс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 

Толығырақ