Құрметті мейігерлер!

Сіздерді 12 мамыр халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтаймыз!

Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарсыздар!

Сіздерге және отбасыңызға мол береке, бақыт, шаттық, зор денсаулық, болашаққа сенім мен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

  • Қызылшаға қарсы вакциналар алғаш рет 1963 жылы қолданылған

    23.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ  
  • 04.04.2024ж күні емхана қызметкерлеріне Төтенше жағдайлардың алу бойынша түсінік жұмыстары мен инструктаж өткізілді.

    05.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ



15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға  тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Атырау  қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
     1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді; 
     2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
     3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
     4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
     5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
     6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
     7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
     8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
     9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалықіс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 

Толығырақ