2019 ж 14 наурыз күні Атырау қалалық №5 емханасының ұйымдастыруымен "Атырау" сауда ойын-сауық кешенінде "Өзіңді туберкулезден қорға" атты акция өткізілді. Акция барысында келушілердің артериалды қан қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант, холестерин деңгейі анықталды.Сонымен қатар туберкулездің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.