Жаңалықтар

806 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 280 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 10 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 11, Индерде - 6, Исатайда - 2, Махамбет ауданында - 2, Мақатта - 4, Құрманғазыда - 17, Қызылқоғада - 2 адам анықталды. 
 
Коронавирустық инфекциясы бар 184 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 105 адам емделіп шықты. 
Қазір 1080 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 188, 
№2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта - 103, кардио орталықта - 108, аудандық инфекциялық стационарларда – 188 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 69 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Атырауда модульдік стационарда 61 жүкті әйел ем қабылдауда, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан Сиджанов мәлімдеді. Айтуынша, модульдік ауруханада 61 жүкті, 11 босанған, 8 сәби ем қабылдауда. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан Сиджанов мәлімдеді,  деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі. 

- Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық ауруханасында 12, модульдік ауруханада 15 бос орын бар.  Модульдік аурухананың жансақтау бөлімінде 20 адам, оның ішінде 6 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. №2 Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам жатыр, - деді Мағжан Сиджанов.