Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ақшалай ұтыс ойнатылады!     
 
Жүлде қоры - 40 миллион теңге, 
оның ішінде,
басты жүлде - 10 миллион теңге!
 
Биылғы жылдың 30-шы маусымынан бастап 200 мың теңгелік 10 сертификат әр он күн сайын 30-шы қыркүйекке дейін вакцина алғандар арасында ойнатылады.
 
Тамыз айында 30-шы маусым мен 31 шілде аралығында вакцина алғандар үшін 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі!
 
Ал, 1-31 тамыз аралығында екпе алғандар үшін қыркүйекте тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады. 
 
Қазан айында өтетін 10 миллион теңгені құрайтын басты ұтысқа Атырау облысында 1-ші ақпаннан бастап 30-шы қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші немесе екінші компонентін алған тұрғындар қатыса алады. 
 
Жеңімпаздар Атырау облысының «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ-ның әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы анықталады. 
 
Атырауда екпе алғандар арасында 
ұйымдастырылып отырған ақшалай ұтыс ойыны Атырау облысының
«Азаматтық Альянс» ҮЕҰ ұйымдастыруымен  
және демеушілердің қолдауымен өткелі отыр.
 
Өткізіліп жатқан акцияның ашықтығы үшін ҮЕҰ, белгілі блогерлер, қоғам белсенділері тартылатын болады.

 

  • Қызылшаға қарсы вакциналар алғаш рет 1963 жылы қолданылған

    23.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ  
  • 04.04.2024ж күні емхана қызметкерлеріне Төтенше жағдайлардың алу бойынша түсінік жұмыстары мен инструктаж өткізілді.

    05.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ



15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға  тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Атырау  қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
     1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді; 
     2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
     3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
     4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
     5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
     6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
     7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
     8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
     9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалықіс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 

Толығырақ