АИТВ/ЖИТС-тың әлемнің барлық елдеріне тез қарқынмен таралуы жалғасуда. ЖИТС бойынша алдағы уақыттағы болжамдар әзірше қолайсыз. Осы ауру, науқас пен оны жұқтырған адамдарды емдеу үшін вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмектердің болмауына байланысты кісі өлімінің жоғары деңгейімен сипатталады.

Сондықтан бүгінгі күнге ЖИТС-ке қарсы күрестегі ең маңызды алдын алу іс-шаралары организмді вирус түсуінен қорғау болып табылады. Ол үшін, әр адам инфекцияның таралу жолдары мен тәсілдерін еске сақтауы және жұқтыруды қалай болдырмауды білуге тиіс.

ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, иммунды жүйенің жасушаларын зақымдайтын, адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) туындатады. Вирустың организмге түсуі кезінде адам АИТВ-жұқтырылғанға немесе АИТВ-тасымалдаушыға айналады. Бұл кезең аурудың әлде-бір ерекшелік белгілерінсіз 1 жылдан 7-10 жылға дейін жалғасуы мүмкін.
Жұқтырылған адам өзін сау сезінеді, сонымен қатар басқа адамдар үшін жұқтыру көзі болып табылады. Осы кезеңінде оған, қанын зертханалық зерттеу кезінде ғана диагноз қоюға болады. Организмінде вирустың болуы туралы вирусқа антиденені анықтау бойынша тұжырым жасайды. Антидене – бұл вирустың өтуіне жауап беру қалыптасатын арнайы нәруыздар. Антидененің белгілі бір мөлшері жинақталуы үшін, жұқтырған кезінен бастап кемінде 3 ай өтуге тиіс.

АИТВ-жұқтырылған кезеңнен кейін, иммундық жүйе жасушаларының едуір бөлігі жойылған кезде, соңғы сатысы ЖИТС –қа ұласады.

Ауру дамуының алғашқы белгілері, қатты шаршауы, жалпы әлсіздігі, лимфатикалық жүйелерінің бірнеше тобының ұлғаюы, салмағының азаюы болып табылады. Вирустың көбеюін тежейтін және АИТВ-инфекциясының ЖИТС-қа ауысып өтуіне мүмкіндік бермейтін, арнайы вирусқа қарсы препараттар әзірленіп жасалды. Сондықтан да осы кезеңінде вирусқа қарсы дәрі-дәрмекпен ем алу үшін, өзіңнің АИТВ-мәртебеңді білу маңызды болмақ.

АИТВ мыналар арқылы беріледі:

1) Қан арқылы:

- есірткіні көктамыр ішіне енгізуге арналған ине мен шприцті бірлесіп пайдалану кезінде;
- АИТВ жұқтырылғаннан қан құю немесе донордың органдары мен тіндерін ауыстырып салу кезінде;
- залалсыздандырылмаған құралдармен медициналық амалдар жасаған кезде;
- татуировка және пирсинг жасауға арналған залалсыздандырылмаған жабдықты бірлесе пайдаланған кезде;
- бөгде адамның ұстара құралы мен тіс щеткесін пайдалану кезінде.

2) Жыныстық жолмен:

- қорғалмай жасалған - (мүшеқапсыз) сексуалды қатынас жасау кезінде.

3) Жұқтырылғаннан:

-жүктілігі, босанған және сәбиін емшекпен емізген кездегі әйелдерден.
АИТВ мынадай жағдайда берілмейді:
- қол алысқанда және құшақтасқанда;
- ыдыс, тамақ, әжетхана заттары арқылы;
- төсек-орын жамылғылары және іш киімдері арқылы;
- монеталар мен қағаз ақша арқылы;
- су, ауа арқылы;
- ойыншықтар, мектепте пайдаланатын заттар, спорттық снарядтар арқылы;
- есіктің тұтқалары, көліктегі тұтқалар арқылы;
- насекомдардың шағуы арқылы;
- кәдімгі сүйіскен кезде;
- моншада, саунада, бассейнде.

ЖИТС түрлерінің таралуы, әсіресе жастар арасында жүйкенің жұқаруынан (есірткі тұтыну, жезөкшелікпен, гомосексуализммен айналысу), қорғаныш құралдарын пайдаланбауынан, білімінің жеткіліксіздігінен болып отыр.

Атырау қалалық №5 қалалық емхананың мемлекеттік бағдарламаның негізгі үйлестірушісі ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы болып табылады
Орталық бөлімдерінің бірі – психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті (ПӘК) болып табылады, мұнда әрбір жүгінген адам қажетті ақпарат пен АИТВ-ға тестілеуге жолдама алады. Әрбір адамның өмірінде, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы жайлы алаңдаушылық білдіретін жағдайлар кездеседі. Бізге, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Атырау қ №5қалалық емхана облыстық орталығына, ПӘК кабинетіне келіңіздер, біз Сізге қобалжуыңыз бен күдіктенуіңізді жеңе білуге көмектесеміз. Тексеріп-қарауға жүгінген адамның қалауы бойынша: анонимді, ерікті, тегін жүргізіледі.

Қорыта келе салауатты өмір салты, саламатты отбасы, бейберекет жыныстық қатынасқа қарсы, есірткіге қарсы күрес жолындағы қозғалыс жайындағы ақпараттың бәрі, қоғамымыздағы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алудың сенімді кепілдігі болып табылатындығын тағы да бір қадап айтқым келеді.

ПӘК кабинетінің дәрігері:        М.М.Досмухамедова. Байланыс тел.: 27-24-35 немесе 9-кабинеттен толық ақпарат, тегін кеңес алуға болады

 

  • Хабарландыру

    20.03.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ  
  • Туберкулез дегеніміз не?

    15.03.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ



15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға  тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Атырау  қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
     1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді; 
     2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
     3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
     4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
     5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
     6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
     7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
     8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
     9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалықіс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 

Толығырақ