5 Қалалық емханаға қарасты «Айқын» Жастар денсаулық орталығының мамандарының және №2 орта мектебінің мейірбикесі Сейтова Айгүлдің ұйымдастыруымен 8-9-10-11 сыныптарының қыз балаларымен "Ерте жүктіліктің алдын-алу","Жұқпалы аурулардың алдын-алу" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. ЖДО-ның акушеркасы Сарсенова Айман мен психолог Иманкулова Нурхия, қыз балалардың жыныстық физиологиясы, ерте жүктіліктің салдары және жұқпалы ауырулар зардабы жөнінде түсінідіріп, сонымен қатар психолог дәріс оқып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

