Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) алдын алыңыз!
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – кене арқылы жұғатын қауіпті жұқпалы ауру. Ауру уақытылы емделмесе, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Ауру қалай жұғады?
* Кене шаққанда;
* Ауру малдың қаны немесе тіндерімен жанасқанда;
* Мал сою немесе оған күтім жасау кезінде;
* Науқастың қаны мен биологиялық сұйықтықтары арқылы.
Аурудың негізгі белгілері:
* Дене қызуының кенеттен көтерілуі;
* Қатты бас ауруы;
* Әлсіздік, бұлшықет және буындардың ауыруы;
* Жүрек айну, құсу;
* Кейінірек мұрыннан, қызыл иектен немесе теріден қан кету белгілері пайда болуы мүмкін.
