Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша ақпараттық кездесу
5-қалалық емханада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу және эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары бойынша ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында II санатты дәрігер-инфекционист Канатова Шолпан Кенжебайқызы тақырыпқа арналған презентациясын таныстырып, медицина қызметкерлеріне аурудың алдын алу, алғашқы белгілері және сақтану шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат берді.
Сонымен қатар, дәрігер-эпидемиолог Ілияс Мәлікұлы қорғаныш костюмін дұрыс кию және шешу тәртібін практикалық түрде көрсетіп, қызметкерлерге жеке қорғаныш құралдарын қолдану бойынша маңызды түсіндірмелер берді.
Іс-шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша білім деңгейін арттыру және инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

