Ағымдағы жылдың 27 тамызында №5 қалалық емхананың басшылық құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары түсіндіріліп, медициналық қызмет көрсету кезінде адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігі атап өтілді.
Атап айтқанда, жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемденуге, азаматтардан медициналық қызметтер үшін заңсыз ақы талап етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында әрбір медицина қызметкерінің өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуы және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосуы қажеттігі атап өтілді.

