2026 жылдың 10 маусымы күні «№5 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық деңгейін арттыру, адалдық қағидаттарын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» мәселелеріне арналған құқықтық түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы ақпараттық хаттары таныстырылып, қаржылық алаяқтық, жалған қызмет көрсету арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру ақысы жымқыру, мүлікті талан-таражға салу, қалыпты қызметі үшін халықтан заңсыз ақы алу іспеттес әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, емхана қызметкерлеріне заңдылық пен ашықтық қағидаттары, әділеттілік пен жауапкершілік құндылықтары дәріптелді.
