Бүгін - көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы.Наурыз мейрамы - көктем мейрамы. Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Наурыз мейрамына орай емханамызда мейрамды атап өтті. “КЕЛІНІ ЖАҚСЫНЫҢ - КЕРЕГЕСІ АЛТЫН” атты келіндер сайысы өткізіліп, емханамыздың төрт бірдей келіндері 5 турдан тұратын сайыста өз өнерлерімен таң қалдырды. Мерекелік шараны емхана директоры Бақтылы Рашидқызы өзінің жүрек жарды құттықтау сөзімен ашты. Әділ қазылар әр тур сайын келіндерімізді бағалап, шара соңында орындар мен қатар кәсіп одақ атынан сыйлықтармен марапатталды. Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын! Ақ мол болсын, еліміз тыныш болсын!