15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай 12 мамыр күні емханада “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” өткізілді. Ашық есік күнінде отбасын жоспарлау бөлмесінің акушеркасы Д.Нурмуханова бірнеше жас отбасыларға және жүкті әйелдер мен бала туу жасындағы әйелдерге отбасын дұрыс жоспарлау туралы тусіндіріп, видеороликтер көрсетті. Ашық есік күніне келушілер өздерінің сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алып әрі қарай психолог мамандарына жолданып психолог кеңесін алды.