Жаз мезгілі жақын. Терезелер ашық тұрады. Ата-аналардың көпшілігі ашық терезенің балалары үшін қауіпті екенін ұмытып кетеді. Жыл сайын көптеген балалар ашық тұрған терезелерден құлап қайтыс болуда. 

Сақтансаң сақтаймын деген‼️

Балаңыздың өмірін сақтап қалатын бірнеше ережелерді ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

 1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! 

 2. Ешқашан балаңызды қараусыз қалдырмаңыз!

 3. Бала өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге құлыптарды орнатыңыз!

 4. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. 

 5. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.

 6. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.

7. Терезеге темір торларын орнатыңыз. Темір торлар балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды

8. Егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз.