Емханамыздың “АЙҚЫН” жастар денсаулығы орталығының психологы Иманқұлова Н. және акушеркасы Сарсенова А. Береке орта мектебінің қыз балаларына мектеп мейірбикесінің ұйымдастыруымен “Ерте жүктілік” тақырыбында лекция оқып, лекция соңында тренинг жүргізді. Лекция барысында жасөспірім қыздар көптеген мәліметтер алып, сұрақ жауаппен алмасты.