Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1954 жылы әлем елдеріне бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді ұсынды.

Осыған орай емханамыздың Патронаждық қызметінің мейірбикелері жаңа туылған сәбилерді үй үйінен қарап, ата-аналарға баланы бақылау, қосымша тамақтандыру секілді тағыда басқа кеңестер берді.