Директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды!
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «N5 Атырау қалалық емханасы» «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына, және 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» сәйкес бос тұрған директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Орналасқан орнын, пошталық мекен жайы, телефон:

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «N5 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, 060000, Әйтеке би көшесі,24, тел 8(7122) 27-18-99.

Кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері:

амбулаторлық - емханалық көмек:
бастапқы медико - санитариялық көмек;
консультативті - диагностикалық көмек;
стационар алмастыратын көмек;
медициналық оңалту;
шұғыл медициналық медициналық көмек.
Лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы; денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс жариялаған Кәсіпорынға осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде сағат 18.00-ге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде құжаттарды тапсырады:

1)Жеке жеке басын куәландыратын құжат

2)конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазан № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелері мен атақтары берілгендігі, ғылыми жарияланымдары жөніндегі құжаттардың, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстардың және т.с.с. көшірмелерін) тапсыруына болады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының » N5 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ ҚМК-ң директор м.у.а З.Т.Елешоваға келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,24Б, zaida62@mail.ru