N5 Атырау қалалық емханасына  қарасты «Айқын» Жастар Денсаулық орталығының мамандарының және Ж.Нажмеденов атындағы №2 орта  мектебінің  мейірбикесі Сейтова Айгульдің ұйымдастыруымен 7-11 сыныптың қыз балаларымен «Ерте жүктіліктің алдын-алу»; « Жұқпалы аурулардың алдын-алу»  тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Акушер  А .Сарсенова мен психолог Н.Иманкулова Қыз балалардың жыныстық физиологиясы ,ерте жүктіліктің салдары жөнінде түсіндіріп, Жұқпалы ауырулар зардабы жөнінде дәріс оқып,  сұрақтарға жауап берді. Оқушылар тренинг соңында өз ой-пікірлерімен бөлісіп,сұрақтарына жауап алды.