2017 жылғы 29 желтоқсандағы   "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек  көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" ҚР ДСМ  №1027 бұйрығына сəйкес Атырау қалалық №5 емханасында 2019ж 4 қаңтар күні жалпы тəжірибе дəрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен  "Патронажды қызметтің əмбебап-прогрессивті моделі" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды жалпы тəжірибе дəрігерлері Томашева М.С мен Ертлеуова А.А өткізді.Семинар барысында қызметкерлерге патронажды қызмет туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп,патронажды қызметті жоспарлау жөнінде нұсқаулықтар берілді. Əмбебап-прогрессивті моделі  балалар жəне сəби өлімі,аурушаңдығы жəне шала туылу көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.Аталған модель бойынша баланы үйден барып  қарау қызметі - баланың жан-жақты дамуына,балалардың жарақаттануының алдын алуға,отбасындағы қарым-қатынастың жақсаруына септігін тигізеді. Патронаждық қызметтің мұндай моделі денсаулық сақтау жүйесі қызметтеріне кең қол жетімділікті ,сонымен қатар əлеуметтік осал жəне тұрмысы төмен отбасыларды əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. 

  • Қызылшаға қарсы вакциналар алғаш рет 1963 жылы қолданылған

    23.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ  
  • 04.04.2024ж күні емхана қызметкерлеріне Төтенше жағдайлардың алу бойынша түсінік жұмыстары мен инструктаж өткізілді.

    05.04.2024 "Добавить комментарий
    Толығырақ



15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға  тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!

АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Атырау  қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
     1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді; 
     2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
     3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
     4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
     5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
     6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
     7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
     8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
     9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалықіс-шараларды жүргізуді қамтиды.

 

Толығырақ