Жаңалықтар
Емхана туралы
15 қыркүйек – 15 қараша аралығы «ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» ұранымен емханаға тіркелу акциясы жүріп жатыр. Осыған орай Атырау қалалық №5 емханасына қарасты аймақта тұратын тұрғындар, емхана таңдауы өз еркіңізде, осы уақыт аралығында тіркеліп үлгеріңіздер!!!
АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Атырау қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;
2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді қамтиды.