Емханамыздың “АЙҚЫН” жастар денсаулығы орталығының дәрігері Р.Б.Мұқанов наурыз айының 1-ші жұлдызында Береке орта мектебінің 7,8,9 сынып оқушыларына “Жыныстық жетілу”, “Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулар” тақырыптарына түсінік жұмысын жүргізді. Семинар барысындар оқушылар сұрақтарын қойып жауап берілді.


АтыЖүктеу
1 ЖДО 


«АЙҚЫН» дастар денсаулық орталығы

Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау мәселелерін кешенді шешу мақсатында №5 Атырау қалалық емханасы ішінде  «АЙҚЫН» жастар десаулығы орталығы құрылды. Карантиндік режим салдарынан орталықтың жұмысы тоқтап қалып, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жұмысын қайта жандандырды.

«АЙҚЫН» жастар денсаулық  орталығының басты қағидалары: Қолжетімділік, Сенімділік, Еріктілік.

Жастардың денсаулық орталығы - бұл жасөспірім кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты денсаулықты сақтау проблемаларына, қол жетімді, қайырымдылық, сенім принциптері бойынша кешенді медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетеді.

Жастар денсаулығы орталығындда міндетті түрде құпиялылықты сақтау әдісімен жастарға арналған қызметтерді ұсынады. Бұл кешенді емдеу-диагностикалық, кеңестік, профилактикалық, медициналық, әлеуметтік және оңалту көмегі. Қабылдауды білікті мамандар жүргізеді. 15-29 жас аралығындағы жастар орталықтан психолог маманы кеңесін және қажет болған жағдайда бейінді мамандардан кеңесін және медициналық қызмет түрлерін ала алады. «АЙҚЫН» жастар денсаулық орталығы мамандары арасында сабақтастық бар, бұл емдеудің кешенді әдісін жүзеге асыруға және жасөспірімдер мен жастарға уақытылы кеңес беруде септігін тигізеді. Сондай ақ бұл жасөспірімдердің мамандарға деген сенімді көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.

Егер сізде сұрақтар туындаса:
-Неге сені ешкім түсінбейді?
-Өзін қалай түсінуге болады? Отбасы, достар, қоршаған адамдармен қалайжанжалдарды болдырмау ?
-Қыздармен (жігітпен) қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады?

-Зиянды әдеттерден қалай құтылуға болады?

-Тиімді контрацепция құралын қалай таңдауға және жоспарланбаған жүктіліктің алдын алуға болады?

-Жыныстық жолмен берілетін инфекциядан қалай қорғануға болады және егер қорғана алмаған жағдайда қандай көмек алуға болады?

Жастар денсаулық орталығында сұрақтарының жауабын табуға көмектеседі!
Сен 17-29 жас аралығында болсаң,өз денсаулығыңды күтсең,өз болашағыңды ойласаң, өмірдегі түрлі қиындықтардан өзіңді аулақ ұстағың келсе немесе саған көмек және қолдау қажет болса СЕН үшін «АЙҚЫН» Жастар денсаулық орталығының есігі әрқашан ашық! Біз сені күтеміз! Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 24. №5 Атырау қалалық емхана.