2019 ж 15 наурыз күні №31 мектеп лицейінде №5 қалалық емхана мен Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының бірлесіп ұйымдастыруымен "туберкулезбен аурушаңдықты болдырмау - əркімнің парызы" іс-шара өтті. Іс шара барысында №5 қалалық емхананың жалпы тəжірибе дәрігері Нургазина А.М оқушыларға туберкулез дің белгілері,клиникасы,алдын алу жолдары туралы дəріс оқыды.Емхана психологы Иманкулова Н.Ш оқушылармен тренинг өткізді.Мектеп оқушылары аталмыш тақырып шеңберінде көрініс қойып,флэшмоб ұйымдастырды.