Жаңалықтар

№5 емханасында Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамын атап өту мақсатында "Армысың,Əз-Наурыз " атты мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында емхана директоры Жұмағалиева К.Ө құттықтау сөзін сөйледі. Мерекелік шараға емхананың "ардагер дəрігерлері" мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері арнайы шақыртылып,шараның қадірлі қонағы болды.Іс-шараға арнайы киіз үй құрылып, мерекелік дастархан жайылды.Емхана қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырып,ұлттық билер билеп, салт-дəстүрлерді дəріптеу мақсатында тұсау кесу,бесікке салу жоралғылары орындалды.

2019 ж 21 наурыз күні Атырау қалалық  №5 емханасының ұйымдастыруымен Береке орта мектебінде Береке ауылының  тұрғындарына арналған ашық есік күні өтті.Ашық есік күнінде тұрғындар профильді маман дəрігерлерден тегін кеңес алып,лабораториялық зерттеулерден өтті.

2019 ж 16 наурыз күні Атырау қалалық №5  емханасында 60 жастан асқан адамдарға скринигтік тексеріс өткізу мақсатында ашық есік күні өтті.

2019 ж 15 наурыз күні №31 мектеп лицейінде №5  қалалық емхана мен Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының бірлесіп ұйымдастыруымен "туберкулезбен аурушаңдықты болдырмау - əркімнің парызы" іс-шара өтті.

2019 ж 14 наурыз күні Атырау қалалық №5 емханасының ұйымдастыруымен "Атырау" сауда ойын-сауық кешенінде "Өзіңді туберкулезден қорға" атты акция өткізілді.