Жаңалықтар

Атырау қалалық №5 емханасында Қазақстан Республикасының тəуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара  өтті.

2018 жылдың 14 желтоқсанында №5 қалалық емханасында ҚР Тәуілсіздік мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Шараның бірінші бөлімінде емхана директоры С. Бұлқашева қызметкерлерді мерекемен құтттықтап, құттықтау грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Кәсіподақ ұйымы атынан да алғыс лебіздер айтылып, кәсіподақ ұйымының мүшесі Н. Урашев бас мейіргер            М. Бердешеваны  облыстық медицина қызметкерлері кәсіподақ ұйымы атынан Құрмет грамотасымен құттықтады.

14 желтоқсан  күні №5 қалалық емханада  ҚР тəуелсіздік күніне орай 60 жастан асқан адамдарға скринигтік тексеріс өткізу мақсатында  "ашық есік күні" ұйымдастырылды. Келушілердің қан қысымын, қандағы қант, холестерин деңгейін, бой/салмағы өлшенді.

"Senim" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кəсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы 12 желтоқсан 2018ж күні Қазақстан Республикасы тəуелсіздік күніне орай Атырау облыстық Кəсіподақтар орталығында  салтанатты  жиын өтті.

2018ж 12 желтоқсан күні Атырау қалалық №5 емханада Атырау облыстық қан орталығы мамандарының қатысуымен "донор күні " өтті.