7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған.
Жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ бұл күн өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді. Аталған күнді көктемнің дәл осы күні атап өту бекерден-бекер емес, себебі сәуір көктемнің ортасы болса, бұл табиғаттың жаңғыру кезеңі. Яғни, өткен-кеткен қателіктерді қайталамай, барлығын жаңадан бастағың келеді.
Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара. Жыл сайын Денсаулық күні ерекше назар аударылатын, нақты бір жаһанды проблемаға арналады. Денсаулықты сақтауға байланысты адамзат алдында өткір тұрған мәселелер көп: қоршаған ортаның ластануынан, қозғалыстың аздығынан, зиянды әдеттердің кең таралуынан туындап отырған дерттер, басқа да мәселелер бар.
Биыл Денсаулық күні «Депрессия? Кел сөйлесейік» ұранымен өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ жасау үшін егде жастағы ерлер мен әйелдерге толыққанды өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болатынына көңіл бөлуге шақырады.
Бүгінгі таңда қазіргі заманғы технологиялар және көптеген адамдардың өмір сүру деңгейі денсаулықты сақтауға, өмір сүру сапасын және ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, созылмалы инфекциялық аурулардың (жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе ауруы, обыр және қант диабеті) профилактикасы, геронтология саласында медицина қызметкерлерін және халықты жеткіліксіз ақпараттандыру орын алады. Көп ретте проблема адамдардың өз денсаулығына жауапсыз қарауынан, оны сақтау мен нығайту тәсілдері туралы жеткіліксіз ақпараттың, немесе сапалы медициналық көмекке қол жетімділігінің болмауынан болады.
Қартаю үдерісін тездететін және өмірді қысқартатын аурулардың даму қауіп-қатерінің көп таралған факторлары: дұрыс тамақтанбау, дене қимылының төмен белсенділігі, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, есірткі тұтыну, еңбек және демалыстың мерзімсіз тәртібі, күйзеліспен күресе алмау, уақытылы дәрігерге жүгінбеу болып табылады. Мұның барлығы созылмалы инфекциялық емес аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың өсуіне, өмір сүру сапасының және ұзақтығының төмендеуіне байланысты.
Денсаулық күнінің аясында біздің емханамызда алдын алу бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.