Емханада 12 мамыр күні Дүниежүзілік медбикелер күні аталып өтті. Құттықтау сөзді бастаған бас дәрігер – Күлшара Өтеуқызы емхана медбикелердің жұмысын аса жауапты екенін ескере отыра оларға қажымас қайрат тілеп, медбикелердің денсаулық сақтау саласындағы орны ерекше екенін атап өтті.
Мерекелік шарада қызметтерінде ерекше көзге түскен, аянбай еңбек етіп келе жатқан үздік медбикелер Алғыс хатпен марапатталды. Атап өтсек, Ғалым Әлібек, Кенбаева Шарбану, Джумашева Ағында, Калмуханова Мейрамгүл, Кдырова Бибінұр
Дәрігерлерден тілектер айтылып, шараның жалғасы медбикелерге арнайы дайындалған фуршетке ұласты.