21.09.2017ж. күні "Атырау қалалық №5" емханасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында Атырау облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактика басқармасының басшысы Қаражанов Ж.Ж. қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, көріністерін барынша азайту, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, қызметкер тарапынан болатын келісімсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою мәселелері жөнінде айтылды.