Атырау қалалық №5 емханасында 1 қазан – қарттар күніне орай 4-5 қазан күндері «Қарттарым-асыл қазынам» атты акция өткізілді. 4.10.2017ж. күні Акция аясында емхана бойынша қаралатын 7 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 12 тыл ардагерлеріне мекен-жайлары бойынша үйлеріне барып медициналық көмек көрсетілді, нақты айтқанда: қандағы қант,холестерин мөлшерін анықтау, ЭКГ, қан қысымын өлшеу және бейінді мамандардың көмегі көрсетілді.
5.10.2017ж. күні 65 жастан асқан адамдар емханаға шақырылып, оларға дәрігер мамандардың көмегі көрсетілді. Емхана директоры К.Ө. Жұмағалиева қариялардың дендеріне саулық тілеп, қайырымдылық айы болып есептелетін осы айда шараның жалғасын табатындығын айтты. Акция соңында үлкен кісілерге мерекелік дастархан жайылып, тілек-лебіздер айтылды.