24.05.2018ж. күні «Байзаар» сауда ойын-сауық орталығында СӨСҚО мамандарының ұйымдастыруымен Атырау қалалық №5 емханасының бейінді мамандарының (кардиолог,терапевт) қатыстырылуымен Дүниежүзілік темекіге қарсы айлық аясында «Өзің біл және өзгеге айт!» атты акция өткізілді. Акцияда қала тұрғындарының артериялық қан қысымы,қандағы қант,холестерин мөлшері өлшеніп,салауатты өмір салтын сақтауға кеңес беріліп, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізіліп брошюралар таратылды. Акция аясында СӨСҚО мамандары флеш-моб көрсетті.