Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, №5 қалалық емхана және Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бірлесіп "Baizaar" сауда ойын-сауық орталығында 2018 жылдың15 маусым күні менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында акция өткізді. Акция барысында сауда орталығына келуші тұрғындар мен қызметкерлерге бетперде таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.