Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Атырау облысында жіті ішек инфекциясы мен тамақтан уланудың алдын алу айлығын өткізу туралы» бірлескен бұйрығы негізінде «Жіті ішек инфекциясы мен тамақтан уланудың алдын ал!» тақырыбында 28.06.2018ж. күні «Байзаар» сауда орталығында Атырау қалалық №5 емхана дәрігерлері мен Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарының қатысуымен акция өткізілді. Шара аясында халыққа жіті ішектің алдын алу жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, №5 емхана қызметкерлері артериялық қан қысымын,қандағы қант,холестерин мөлшерін өлшеп, брошюралар таратты.