2017 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" ҚР ДСМ №1027 бұйрығына сəйкес Атырау қалалық №5 емханасында 2019ж 4 қаңтар күні жалпы тəжірибе дəрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен "Патронажды қызметтің əмбебап-прогрессивті моделі" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинарды жалпы тəжірибе дəрігерлері Томашева М.С мен Ертлеуова А.А өткізді.Семинар барысында қызметкерлерге патронажды қызмет туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп,патронажды қызметті жоспарлау жөнінде нұсқаулықтар берілді. Əмбебап-прогрессивті моделі балалар жəне сəби өлімі,аурушаңдығы жəне шала туылу көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.Аталған модель бойынша баланы үйден барып қарау қызметі - баланың жан-жақты дамуына,балалардың жарақаттануының алдын алуға,отбасындағы қарым-қатынастың жақсаруына септігін тигізеді. Патронаждық қызметтің мұндай моделі денсаулық сақтау жүйесі қызметтеріне кең қол жетімділікті ,сонымен қатар əлеуметтік осал жəне тұрмысы төмен отбасыларды əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.