2019ж 10 қаңтар күні №5 Атырау қалалық емханасына қарасты № 2,4,11,31 мектептер мен №5 "Аққу" бөбекжайында қызылшаның алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар жүргізілді.Атап айтқанда,оқушыларды сабаққа келгенде фильтр кабинетінде дене қызулары өлшеніп, тамағы қызылшаның бірден бір айқын белгісі болып табылатын Филатов-Коплик-Бельский дақтарына, денесі бөртпеге тексерілді.Сонымен қатар əр мектептің мұғалімдері мен екпеден бас тартқан ата-аналармен мектеп дəрігері мен медбикелері түсіндірме жұмысын жүргізіп,қызылша ауруының алғашқы белгілері,қызылшаға қарсы вакцинация жасаудың маңыздылығы жөнінде толық мəлімет жазылған брошюралар таратылды.