2019 жылдың19 қаңтар күні №5 Атырау қалалық емханасы 2018 жылы атқарылған шараларды қорытындылау мақсатында жылдық есеп беру жиынын өткізді.Жиынға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы М.Қ.Аймурзиева төрағалық етіп, Атырау қаласы бойынша емдеу-сауықтыру мекемелерінің бірінші басшылары қатысты. Қорытынды жиында емхананың жаңадан ашылған балаларды оңалту кабинетінің көрсетілімі болды.Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі енгізілуіне байланысты аталған қызметкерлерге Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Мәншүк Құдайбергенқызы патронаждық сөмкелер мен төсбелгілерді табыстады.№5 Атырау қалалық емхана директор К.Ө.Жұмағалиева 2018 ж емхана атқарған шараларды қорытындылап,есеп берді. Жиынға қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, қазіргі таңда бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда туындап отырған өзекті мәселелерді қызу талқылады.