2019 ж 24 қаңтар күні қызылша инфекциясының алдын алу бағытында Атырау қалалық #5 емханасына қарасты #2 орта мектепте ата-аналар жəне оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға #5 қалалық емхана директор орынбасары Джуманиезов Г.Ю, ЖДО меңгерушісі Көпжанов Н.Ө, КДБ бөлім меңгерушісі Сүйеуов Б.Н,дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С жəне Дін Істері басқармасы,"Шапағат" қоғамдық қорының теологы Омаров Мухиддин Асқарұлы қатысты.Кездесу барысында ата-аналарға қызылша инфекциясы жайлы слайд,бейнероликтер көрсетіліп, қызылша ауруының алғашқы белгілері,алдын алуы жəне қызылшаға қарсы вакцинация жасаудың маңыздылығы жөнінде толық мəлімет жазылған үнпарақтар мен жадынамалар таратылды. ЖДО меңгерушісі Көпжанов Н.Ө пен дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С қызылша ауруы жайлы толық мəлімет беріп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.