2019 ж 25 қаңтар күні "Тамаша" ойын-сауық орталығында #5 Атырау қалалық емханасының ұйымдастыруымен "Болашаққа қадам" атты кең ауқымды акция өткізілді.
Акция барысында келушілердің артериалды қан қысымы өлшеніп,қан құрамындағы қант,холестерин деңгейі анықталды.Сонымен қатар облыстағы қызылша ауруының эпидемиялық өршу жағдайына байланысты келушілерге қызылша ауруының алғашқы белгілері,клиникалық көріністері ,вакцинациялаудың маңызы жайлы толық мəлімет жазылған брошюралар таратылды.
Емханамыздың жалпы тəжірибе дəрігері Қайыржанова Э.А қызылша ауруы жөнінде "Прикаспийская коммуна" газеті тілшісіне сұхбат берді.