2019ж 25 қаңтар күні құрамында алдын алу бөлімі меңгерушісі А.Б Кисметова, КДБ бөлім меңгерушісі Сүйеуов Б.Н, дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С жəне жалпы тəжірибе дəрігері Томашева М.С жұмысшы тобы бар Атырау қалалық #5 емхана қызметкерлері #11 орта мектептің жалпы ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста ЖТД Томашева М.С ата-аналарға қызылша инфекциясы туралы,дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С ұлттық егілу күнтізбесі жəне қызылша ауруына қарсы жасалатын ҚҚП комбинирленген вакцинасы жайлы толық мəлімет беріп, сұрақтарға жауап берді. Ата-аналарға қызылша инфекциясы жайлы мəлімет жазылған брошюралар мен ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды.