2019 ж 30 қаңтар күні "Baizaar" ойын-сауық орталығында № 5 Атырау қалалық емханасы қызметкерлерінің қатысуымен акция өткізілді.
Акцияға келушілердің артериалды қан қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант, холестерин деңгейі анықталды.Сонымен қатар облыстағы қызылша ауруының эпидемиялық өршу жағдайына байланысты келушілерге қызылша ауруының алғашқы белгілері, клиникалық көріністері жəне алдын алуы жөнінде толық мəлімет жазылған брошюралар таратылды.