2019 ж 7 ақпан күні #5 Атырау қалалық емханасында 2019ж I тоқсанында өткізілуі тиіс семинар жоспарына сəйкес оба жəне тырысқақ жұқпалы ауруларына қарсы іс-əрекет пен алдын алу жөнінде семинар өтті.Семинарда ЖТД Ертлеуова А.А мен Отаржанова А.Б аталған жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, клиникасы,диагностикасы жəне алдын алу жолдары туралы түсінік берді. Семинарға Атырау облыстық обаға қарсы күрес станциясының эпидемиологы Амиржанов Е.А қатысты.