2019 ж 9 ақпан күні Денсаулық сақтау вице-министрі Цой А.В Атырау облысындағы ресми сапарымен АО ДСБ басшысы М.Қ.Аймурзиева мен емхана директоры Жұмағалиева К.Ө қатысуымен Атырау қалалық #5 емханасында болды.
Ресми сапар барысында басты назар медицинадағы цифровизацияға, қағазсыз құжат айналымына, патронаждық қызметтің əмбебап-прогрессивті моделіне аударылды.
Сонымен қатар,емдеу барысында науқас жайлы ақпаратты электронды түрде жіберу басымдығы бар,МЖС шеңберінде алынған цифрлы рентген аппаратының жұмысының көрсетілімі болды.Вице-министр қызылшаға қарсы вакцина қоры жөнінде сұрақтар қойып,иммунизацияның жүргізілу барысына қызығушылық танытты.Біздің емхана шағын ауданына қарамастан, емхана АМСК көрсететін мекемелерге қойылатын жаңа талаптарға толық сəйкес келетінін жəне жас мамандардың жұмысқа жақсы тартылғаны байқалатынын атап өтті.Қорытындылай келе,Алексей Владимирович аккредитацияға дайындық қажеттігін атап өтіп, емхана жұмысына сəттілік тіледі.