Атырауда медицина саласының жас буын өкілдерінің қатысуымен «Белсенді жастармен – жарқын болашаққа!» атты батыс аймақтық жастар форумы өтті.
Форумға біздің емханамыздың жанұя денсаулық орталығы меңгерушісі Көпжанов Н.Ө пен консультативті-диагностикалық бөлім меңгерушісі Сүйеуов Б.Н белсене қатысты.Емханамыздың жас маманы Көпжанов НҰРБАҚЫТ Өтегенұлы "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кəсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы басшысы атынан жəне Атырау облысы əкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды.Сізге зор денсаулық пен толағай табыстар тілейміз!