№5 емханасында Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамын атап өту мақсатында "Армысың,Əз-Наурыз " атты мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында емхана директоры Жұмағалиева К.Ө құттықтау сөзін сөйледі. Мерекелік шараға емхананың "ардагер дəрігерлері" мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері арнайы шақыртылып,шараның қадірлі қонағы болды.Іс-шараға арнайы киіз үй құрылып, мерекелік дастархан жайылды.Емхана қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырып,ұлттық билер билеп, салт-дəстүрлерді дəріптеу мақсатында тұсау кесу,бесікке салу жоралғылары орындалды.