2019 ж 30 наурыз күні Атырау қалалық #5 емханасында тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын анықтауға арналған ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде келушілер хирург, психолог, əйелдерді жəне ерлерді қарау бөлмесі мамандарынан кеңес алып,лабораториялық зерттеулерден өтті.
Сонымен қатар міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.