2019 ж 5 сәуір күні Нұрсая дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған "Senim" медицина қызметкерлерінің салалық кəсіподақ  ұйымының ат салысуымен  Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы  қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирге Батыс Қазақстан, Маңғыстау жəне Атырау облыстарынан келген команда ойыншылары  қатысты. Атырау облысынан - облыстық аурухана, Ұлттық сараптама  орталығы, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан шыққан 5,7 қалалық емхана қызметкерлері қатысты. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы командасы  құрамында біздің емханадан дəрігер-эпидемиолог Даулетова Ж.С, жалпы тəжірибе дәрігері Усманов Н. Б, учаскелік фельдшерлер Сдихов С, Сапиев Б. өнер көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша біздің команда жүлделі бірінші орынға ие болды. Ойынға қатысушы барша қызметкерлерге алғыс білдіреміз! Медицина қызметкерлері сіздерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.