«Өз емханаңды таңда» акциясымен емханаға тіркелу кампаниясы басталды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2015 ЖЫЛҒЫ 7 ТАМЫЗДАҒЫ № 609 ҚАУЛЫСЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІНІҢ2015 ЖЫЛҒЫ 28 СӘУІРДЕГІ № 281 БҰЙРЫҒЫНЫҢ 2-ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ӨЗГЕРТПЕЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛУІМЕН «АЗАМАТТАРДЫ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ КӨМЕК ҰЙЫМДАРЫНА БЕКІТУ ҚАҒИДАЛАРЫНА» СӘЙКЕС АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫНДА«ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА» АКЦИЯСЫМЕН РПН-ГЕ (РЕГИСТР ПРИКРЕПЛЕННОГО НАСЕЛЕНИЯ) ТІРКЕЛУ КАМПАНИЯСЫНЫҢ I-ЭТАПЫ 15 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ЖҮРІП ЖАТЫРҒАНДЫҒЫН АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ХАБАРЛАЙМЫЗ.
АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ, ТӘУЕЛСІЗ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Атырау қалалық №5 емханасы тұрғындардың денсаулығын сақтауда мынадай қызметттер атқарады:
1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;
2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
5) ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді;
6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардар болу деңгейін арттыруды;
7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
8) халықты гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен халықтың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын;
9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді қамтиды.
ЕМХАНА АЙМАҒЫНА ҚАРАСТЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША КЕЛЕСІДЕЙ ТӘРТІП ЖҮЙЕСІМЕН ТІРКЕЛЕ АЛАСЫЗДАР:
1. БМСК ұйымдарына азаматтар мен оралмандарды бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
2. Азамат және оралман БМСК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі. БМСК ұйымы бекітуді азаматтар мен оралмандар өз еркімен жүгінген кезде жүзеге асырады.
3. Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) болған кезде отбасы мүшелерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішінің және отбасы мүшелерінің бекітуге жазбаша келісімінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.
4. Азаматтар мен оралмандарды БМСК ұйымдарына бекіту бекітілген халық санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
5. БМСК ұйымдарына азаматтарды және оралмандарды бекітуді өзгерту:
тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін және оқитын жері әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге өзгерген кезде:
· БМСК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда;
· азамат және оралман дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдаған кезде жылына бір реттен жиі емес;
6. Азаматтар мен оралмандар тікелей жүгінген кезде оларды БМСК ұйымдарына бекіткен кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару бекітілген халық тізілімі арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
7. БМСК ұйымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта бекітілген кезде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
8. Азаматтар мен оралмандар БМСК ұйымына бекітуді еркін таңдаған кезде, қызмет көрсетудің аумақтық қағидасы ескеріледі, азаматтарды қаланың басқа аумағынан бекіту кезінде, медициналық ұйым олармен осы ұйым мамандарының үйде қызмет көрсету мүмкіндігін (патронаж, үйге шақырту, үйде қарау және т.б.) талқылауға құқылы, өйткені емхана, дәрігерлік амбулатория қызметі аумақтық қағидаға негізделген, бұл туралы алдын ала келісіледі және бекіту анықтамасында (талонында) көрсетіледі.
Емханаға тіркелудің II-этапы осы жылдың 15 желтоқсанына дейін өтетіндігін хабарлаймыз, осыған байланысты толықтай ақпаратты анықтама телефондары:27-07-03; 27-20-57; қабылдау бөлмесі тел.: 27-18-99; және сенім телефондары: 27-24-35; 30-58-85; арқылы хабарласып, сондай-ақ емхананың веб-сайты: www.gorpol5-atyrau.kz және gor_pol5@mail.ru электрондық поштасына жазбаша түрде хабарласа аласыздар.