Құрметті атыраулықтар!
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті жанындағы «АТЫРАУ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобалық кеңсе ұсынысына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айының 27-нен бастап Атырау облысы денсаулық сақтау саласындағы АШЫҚТЫҚ ПЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ мақсатында өңірдің әр емханасы мен ауруханасының жеке сайттарында, әлеумметтік желідегі парақшаларында Мемлекеттен ТЕГІН берілетін дәрі-дәрмектер бойынша ақпараттар ұсынылатын болады.
Аталған ақпарат бойынша әр емдеу орталығында арнайы ақпараттандыру бұрыштарының жасақталатының қаперлеріңізге береміз.
Сонымен қатар, мемлекеттен берілетін тегін дәрілердің тізімін жергілікті учаскелік дәрігерлеріңізден толық ақпарат алуға әр азаматтың құқығы бар екендігін ескертеміз.
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/521-rmetti-atyrauly-tar.html#sigFreeId18439bd767