Денсаулық сақтау басқармасы 4,5 және 6 шілдеде Атырау облысының тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ала алатынын хабарлайды. Ол үшін кез-келген егу пунктіне барып, медициналық тексеруден өту керек.
Айта кетейік, бүгінгі таңда вакциналардың I компонентін 90 мыңнан астам адам алды, вакциналардың толық кешенімен 50 мыңнан астам адам егілді.
Атырау облысында аса қауіпті "дельта" штаммы белсенді таралуда. Мұны естен шығармаған дұрыс. Ол барлық мүшелерге тез әсер етіп, аурудың өзі аса ауыр түрде өтеді. Тіпті жас, қосалқы аурулары жоқ адамдар да жұқтырады.
Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жүктемесі 90% . Тек вакцинация пандемиямен күресте тиімді болып табылады.
Өзіңізді, туыстарыңызды және жақын адамдарыңызды қорғаңыз.
Вакцинация туралы қосымша ақпарат алу үшін , төменде көрсетілген нөмерлерге қоңырау шала аласыз.
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/529-mereke-k-nderi-atyrauda-vaktsinatsiyalau-punktteri-demalyssyz-zh-mys-istejdi.html#sigFreeId661d27ba16