Ұтыс ойыны 2021 жылдың 1 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында өтеді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Baizaar" сауда ойын-сауық орталығы әкімшілігінің хабарлауынша, ұтыс ойынына қатысу үшін сауда орталығының вакцинация пунктінен Covid-19 қарсы вакцина алу қажет. Содан кейін, қатысушының толтырған купонының екінші бөлігі арнайы лототронға салынады.

-Ұтыс ойынына сауда ойын-сауық орталығы аумағында ғана вакцина алған тұлғалар қатысады. 1млн теңге иегері, яғни жеңімпаз 1қыркүйекте @baizaar_mall инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталады - деді сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.