Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан Сиджанов мәлімдеді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
- Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық ауруханасында 12, модульдік ауруханада 15 бос орын бар. Модульдік аурухананың жансақтау бөлімінде 20 адам, оның ішінде 6 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. №2 Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам жатыр, - деді Мағжан Сиджанов.